Қазақстан Еуропа құрамалары аралық рейтингісінде 50-орынға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА ресми сайты ЕУРО-2016-ға құрамалардың аралық рейтингісін жасады, деп хабарлады sports.kz.

Бұл рейтингі Парижде 2015 жылғы 12 желтоқсанда өтетін ЕУРО-2016 финалдық сатысындағы жеребе кезінде командалардың қай қоржынға түсетінін айқындайды.

ЕУРО-2016 төрт іріктеу матчында Германия құрамасы жеті ұпай жинады, бұл 38,286 коэффициентіне тең. Еуропалық іріктеудің ақпандағы жеребесінде де немістер көш басына шықты. Бұған бұрынғы көшбасшы Испанияның көрсеткіші төмендеуі себеп болды. Үшінші орында ағылшындар, ал төртінші орында Италия орналасқан, бестікті Нидерланды тұйықтап тұр.

Мұндағы елеулі өзгеріс бүгінде жеті орынға табан тіреген Чехияның бірден 10 позицияға жоғарылауы болды. Павел Врбаның командасы ЕУРО-2016-ның күзгі іріктеу матчтарын жақсы өткізіп, төрт матчта төрт жеңіске ие болды, соның ішінде Нидерландыны да тізе бүктірді. Франция мен Хорватия да ондықтың қатарына кірді. Израиль 23-ші орыннан 12 орынға секірді, сондай-ақ Румыния (26-дан 15-ші орынға), Исландия (38-ші орыннан 24-шіге), Солтүстік Ирландия (39-дан 33-ке) жақсы табыстарға жетті.

Қазақстан құрамасы Гибралтар, Сан-Марина, Андорра және Мальта командаларынан алға озып, 50-ші орынға тұрақтады.