Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты белсене өрістетуде
Делегация осы ұйыммен бірлесе отырып, қазақстандық үкімет әзірлеген «Қазақстанның инвестициялық саясатына шолуды» таныстырды.
Бұл шара Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялық комитетінде бақылаушы мәртебесін алудың маңызды кезеңі болмақ, осы халықаралық ұйыммен өзара іс-қимылды дамыту еліміздің инвестициялық саясатын елеулі жақсартуға мүмкіндік бермек. ҚР экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 70 пайыздан астамы ЭЫДҰ ұйымдарына тиесілі.
Ербол Орынбаевтың сөзін тыңдағаннан кейін ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің мүшелері ҚР Үкіметінің қолайлы инвестициялық ахуал құрудағы күш-жігеріне жоғары баға берді және экономиканы әртараптандыру жсопарларына ынта қойды. Олар «Қазақстанның инвестициялық саясатына шолуға» зор ықылас білдірді және көптеген сұрақтар қойды, оған делегация мүшелері - Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда және Әділет вице-министрлері егжей-тегжейлі жауап қайтарды.
ЭЫДҰ мүше елдері мен хатшылығы ҚР Үкіметін Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады жәе біздің еліміздің экономикалық және саяси реформалау жолындағы елеулі ілгерілеушілігін атап көрсетті және шетелдік инвестициялар тарту ісінде бұдан былай да табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.
Ербол Орынбаев және Елші Нұрлан Дәненов ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучермен кездесті, ол ЭЫДҰ-ның Қазақстанмен ынтымақтастықты өрістетуге, бірлескен жобаларды кеңейтуге, сарапшылық миссияны ұлғайтуға, біздің еліміздің экономикалық саясатын жетілдірумен жұмыс жасауға әзір екендігін мәлім етті.