ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан құрамасы соңғы айда ешқандай ойын өткізбесе де, ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 117-орынға шыққан.
Станимир Стойлов командасы наурыз айында Венгрия (3:1) және Болгария (1:2) құрамаларымен жолыққан болатын.
Футболшыларымыздың келесі ойыны 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында Әзербайжан құрамасына қарсы өтеді. Әзербайжан құрамасы жаңа рейтингте - 126-орында тұр.
ФИФА рейтингі. 17 мамыр:
1 (1). Германия - 1544 ұпай,
2 (2). Бразилия - 1384,
3 (3). Бельгия - 1346,
4 (4). Португалия - 1306,
5 (5). Аргентина - 1254,
6 (6). Швейцария - 1179,
7 (7). Франция - 1166,
8 (8). Испания - 1162,
9 (9). Чили - 1146,
10 (10). Польша - 1128,
117 (119). Қазақстан - 273.