Қазақстан ФИФА рейтингісінде жоғарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ФИФА футболдан ұлттық құрамалардың жаңа рейтингісін жариялады.

Қазақстанның футбол құрамасы бұл тізімде бір сатыға жоғарылап, ФИФА-ның рейтингісінде 127-орынға табан тіреді.

Испания құрамасы бірінші орында тұр, одан кейінгі тізімде Германия футболшылары бар, ал 3-орында Аргентина футбол ұжымы жайғасқан.