АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2024 жылғы ақпан айындағы әлем құрамалары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Өткен рейтингте алғашқы ондықта болған құрамалар бұрынғы орнын сақтап қалды. Көш тізігінін Аргентина ұстап тұр. Қазақстан құрамасы бұрынғысынша 100-орынға жайғасты.
Ал, наурыз айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысында кездесетін Грекия 45-орынға жайғасқан.
2024-2025 жылғы маусымда В лигасындағы Ұлттық құрамамыздың қарсыластары - Австрия - 25, Норвегия - 42, Словения - 51 орында келеді.
FIFA-ның 2024 жылғы 15 ақпандағы рейтингі
1 (1). Аргентина - 1855.2;
2 (2). Франция -1845.44;
3 (3). Англия - 1800.05;
4 (4). Бельгия - 1798.46;
5 (5). Бразилия - 1784.09;
6 (6). Нидерланд - 1745.48;
7 (7). Португалия - 1745.06;
8 (8). Испания - 1732.64;
9 (9). Италия - 1718.82;
10 (10). Хорватия - 1717.57.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.