Бұл шараны Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырып отыр. Конгресс философияның өзекті теориялық мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында философия мен философиялық пәндерді оқытудың маңызды мәселелеріне, әлеуметтік-философиялық, мәдениеттану, саясаттану және дінтану зерттеулерінің қолданбалы тәжірибесіне арналып отыр. Оның аясында «Қазіргі заман философиясы: даму стратегиялары» тақырыбында форум өтеді. Оған қатысушылар мен қонақтарға «Қазақстандық философияның танымал тұлғалары» атты анықтамалық ұсынылып, қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулер мен философияны оқыту тәжірибесінің нәтижелері жарияланып, тақырыптық көрмелер өткізілмек.
Алқалы басқосуда отандық философиялық ғылымның жетістіктері мен қазіргі басымдықтары қандай, философиялық білім қай бағытта дамуы тиіс және оның практикалық мән-маңызы мен мақсатй жайлы түйінді пікірлер ортаға салынады.
Осы форумда ғалымдардың жаңа қоғамдық бірлестігі - Қазақстандық философтардың конгресс құрылады деп жоспарланып отыр.