Қазақстан-Франция трансферттік технологиялар орталығы құрылды

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан-Франция трансферттік технологиялар орталығы құрылды. Бұл туралы бүгін Астанада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 6 ай қызметінің қорытындылары мен екінші жартыжылдық жоспарларына арналған алқа мәжілісінде «Инжиниринг және технология трансферті» АҚ-ның басқарма төрағасы Саят Нүсіпов айтты.

Трансферт технологиясына тоқталған ол «Қазақстан-Франция трансферттік технологиялар орталығы құрылды. Оның жұмысында бір перспективті жоба бар - бұл «Kaz-PV» атты жоба Қазақстанда фотовольтаистік элементтерді және модульдердің өндірісін құруды қарастырады», деді.

Басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі кезде Зерттеу және материалдық көмек қоры (Франция) жеке секторға (FASEP) алдын ала ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техникалық-экономикалық негіздемеге 450 мың еуро көлемінде грант бөлді.