Қазақстан футбол федерациясы Апелляциялық комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
19:40, 10 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан футбол федерациясы Апелляциялық комитетінің жаңа басшысы тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан футбол федерациясы Апеляциялық комитетінің құрамында өзгерістер болды. Комитеттің құрамынан төрағасы - Анатолий Иокин мен комитет мүшесі - Сергей Ровенских шығарылды. Комитет төрағасы болып Қазақстан футбол федерациясы Техникалық орталығының басшысы Қайрат Адамбеков тағайындалды», делінген ҚФФ-ның таратқан хабарламасында.