Қазақстан футбол федерациясы мобильді қосымшасын іске қосты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қосымшаның көмегімен қазақстандық жанкүйерлер жаңалықтарды ұялы телефон арқылы оқи алады. Қазақстан құрамаларының құрамымен танысады. Ойын нәтижелері мен іріктеу турнирлерінің кестесін қарай алады.

Сонымен қатар, ҚФФ-ТВ трансляциялары мен бейнешолуларын тамашалауға болады. Жанкүйерлердің Қазақстан Ұлттық құрамасы футболшыларының суреттерін де жүктеп алуына мүмкіндік бар», - делінген баспасөз баянында.