— Бұл қылмыстық іс әлі өндірісте. Өзге ақпаратты сіздерге айта алмаймын. Жалғыз айта алатыным — аталған қылмыстық іс аясында қазірдің өзінде федерацияға шамамен 2 млрд теңге қайтарылды. Басқа мәліметті аша алмаймын, — деді Жеңіс Елемесов.
Журналистер бұл істегі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұловтың статусы қандай екенін сұраған агенттік өкілі оның тергеуге ілінбегенін айтып, қысқа қайырды.
Еске салсақ, былтыр жыл аяғында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті тағайындалған еді.