Қазақстан футбол құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді
06:29, 31 Қаңтар 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы Грекиямен болатын ойынға дайындығын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізеді.
Қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алу үшін плей-офф сатысында Грекиямен кездеседі.
Аталған ойынға әзірлікті Қазақстан ұлттық құрамасы 8 наурызда бастайды.
Оқу-жаттығу жиыны Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында болады.
Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.
Айта кетсек, 21 наурызда Афина қаласында ұлттық құрама плей-офф матчын Грекияға қарсы өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия кубогында Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты.