Қазақстан футбол құрамасының Даниямен кездесуін қайдан көруге болады

Фото: Фото: Pixabay

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл ойын 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де басталады.

Кездесу «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін ел құрамасы алты ойын өткізді.

Іріктеу сатысында Словениядан – 1:2, Финляндиядан – 0:1 есебімен жеңілсе, Данияны – 3:2, Сан-Мариноны – 3:0, Солтүстік Ирландияны – 1:0 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстан құрамасына 2022 жылдың 27 сәуірінен бастап ресейлік бапкер Магомед Адиев жетекшілік етіп келеді.

Оның жетекшілігімен футболшылар 14 ойын өткізді.

Қазірге дейін ұлттық құрама 8 мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең нәтиже тіркелді, бесеуінде қарсыласына есе жіберді.

Бұл ойыннан кейін қазақстандық футболшылар 17 қазанда сырт алаңда Финляндиямен кездеседі.