36 жастағы қақпашы Instagram парақшасында «Ертіс» жанкүйерлеріне арнап пост жазды. «Өкінішке қарай, менің «Ертістегі» жолым осымен аяқталды. Клуб маған өз шешімін айтты, мен оны қабылдадым», - дейді ол.
Еске сала кетейік, Лория «Ертіс» сапында бес жарым маусым өткізіп, соңғы екі маусымда команда капитаны болды.
17:31, 16 Ақпан 2018
Қазақстан футбол құрамасының капитаны «Ертістен» кететінін мәлімдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрама командасының және «Ертістің» капитаны Давид Лория павлодарлық ұжым сапынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.