Сары-көк түстес форманы спортшылар Астанада көпшілікке таныстырып үлгерді, деп жазады «Время» газеті.
«Бұл формалар дене пошымына сай келтіріліп тігілген әрі ыңғайлы, сондай-ақ қазіргі заманғы үлгіде. Бұдан бөлек, оның ұлттық түстегі бояуы да ұнайды»,-дейді Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қайрат Нұрдәулетов.
Аталған жаңа киім үлгісін құраманың төрт футболшысы таныстырды. Қайрат Нұрдәулетовпен бірге онда Сергей Гридин, Михаил Рожов және Таңат Нөсербаев та болды. Газеттің жазуынша, формаларда спортшылар мен мемлекеттік атауы - KAZAKHSTAN қатесіз басылған. ҚФФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Измаил Бзаровтың айтуынша, құрама сапындағы басқа да футболшылардың жаңа киімдерінде орфографиялық қателер болмайды.