АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті. Мұндай шешім қабылдауына оның басқа қызметке ауысуы себеп болды.
Рафаэль Гарибян Қазақстан футбол лигасы президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалды. Оның басшылығымен бірқатар жоба жүзеге асты.
Атап айтқанда, олардың қатарында Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты.
Бұл қызметті қазақстандық белгілі маман Ғани Қайназаров атқаратын болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» ФК президенті денсаулығына байланысты қызметінен кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.