Қазақстан футзал құрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (FIFA) футзалдан әлемнің ерлер құрамалары арасындағы рейтингті жариялады. 

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл рейтингте Қазақстан құрамасы сегізінші орында келеді. Ал Украина бір сатыға төмендеп, тоғызыншы орынға табан тіреді.
Рейтингте көш басында Бразилия келе жатса, одан кейінгі орындарда Португалия мен Испания тұр.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Аргентина, Иран, Марокко, Ресей, Франция енгізілген. 

Айта кетсек, ФИФА күнтізбесіне сәйкес футзалдан 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матчта шеберлік байқасты.

Алғашқы ойында отандастарымыз 9:2 есебімен жеңсе, одан кейін аталған қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетсек, ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.

Одан кейін плей-офф сатысында отандастарымыз Италия құрамасына (2:1, 2:3, пенальтиден 0:1) жол берді.