Кездесу барысында ел құрамасынан Арнольд Кнауб, Азат Валиуллин, Қанат Жеткирбаев, Дуглас Жуниор мергендік танытса, оған тәжікстандық футзалшылар үш голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы Тәжікістанмен алғашқы кездесуінде 3:0 есебімен басым түскен еді.
Енді құрама 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Олардың 30 тамыз және 1 қыркүйекте Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған.
Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.
Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.