Есепке сәйкес Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия, Дания, Чехия, Словения, Канада, Швейцария, Ирландия және Жапония әлемдегі ең бейбіт ТОП10 ел қатарына кірді. Ал соғыс өрті лаулап жатқан Сирия елі бесінші жыл қатарынан рейтингтің ең соңғы орнында.
Қазақстан әлемдік рейтингте 163 елдің ішінен 72 орынға тұрақтап, қатарынан екінші жыл Орталық Азиядағы ең бейбіт ел болып табылды. Көрші Өзбекстан елі 101 орынды қанағат тұтса, Қырғызстан 111 орын, Тәжікстан 118 орын, Түрікменстан 119 орыннан көрінді.
Жаңартылған рейтингте Америка Құрама Штаттары 2016 жылғы 103 орыннан 11 саты құлдырап, 114 орынға жайғасты. Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы жеке-жеке 151 және 116 орыннан көрінді.
Айта кетейік, бұл экономика және әлем институтының оныншы рет ғаламдық бейбітшілік индексін жариялауы. Бейбітшілік индексі елдегі қақтығыс, ішкі соғыс, қылмыс, адам құқығы және экономикалық тұрақтылық сияқты 23 өлшем бойынша есептеледі.