Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев 1981 жылы 22 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.
О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша түлегі (1997-2002).
Сондай-ақ, Мәскеу авиация институтын «Ұшу аппараттарын сынау» мамандығы бойынша бітірген (2002-2008).
«Ғарыштық инженерия» мамандығы бойынша Мичиган университетінің магистрі, Энн Арбор қаласы (2021-2022).
Қазақстанның ғарыш саласында үлкен еңбек өтілі бар. Соңғы 5 жыл бойы «Ghalam» ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Жобаларды басқаруда, ұшу аппараттарының сынақ және өндірістік учаскелерін құруда тәжірибесі бар. Сондай-ақ, шетел университеттерінде ұшыру кешендері саласында біліктілікті арттыру туралы дипломы бар.