«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-да генерал А.Айымбетовты құттықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да Отан Қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара болып өтті.

Ұлттық компананияның қызметкерлері «Мәңгі полк» акциясына қосылып, әкелері мен аталарының жауынгерлік ерліктері туралы баяндап берді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларын үнсіздік минутымен еске алды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ұжымында ер адамдардың саны әйелдерге қарағанда екі есе көп. Бұл ретте, қызметкерлердің көбі әскер қатарында болған, көбі запастағы кадрлық офицерлер.

Статистика бойынша, мұнда запастағы 20-дан астам кадрлық офицер қызмет атқарып жатыр, олардың арасында 11 полковник, 6 подполковник, 2 майор, аға лейтенант және прапорщик бар.

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапарының» офицерлік құрамы ең жоғары шенмен толықты. ҚР Президентінің Жарлығымен ұшқыш-ғарышкер, ҚР Халық Қаһарманы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Айдын Айымбетов ҚР авиациясының генерал-майоры атағын алды.

«Бұл қуанышпен бірінші болып туған ұжымыммен бөліскім келді», - деді Ақордадағы салтанатты марапаттаудан кейін Ұлттық ғарыш орталығына келген Айдын Айымбетов.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин бүкіл ұжымның атынан ғарыш технологиялары жөніндегі вице-президент Айдын Айымбетовті ҚР авиациясының генерал-майоры әскери атағымен құттықтады.