Марат Нұрғожин 59 жаста, И.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
2008 жылдан бастап, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің орынбасары, 2013 жылдың тамыз айынан бері «ҚҒС» ҰК» АҚ президенті міндетін атқарушы болып қызмет еткен.
14:33, 09 Тамыз 2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-на жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті болып Марат Нұрғожин тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Кадр жұмысы департаментінің директоры Марат Иғали Фейсбуктегі жеке парақшасында хабарлады.