Ғ. Мұрзақұлов ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Аталған бап бойынша санкция 10-нан 15 жылға дейін мүліктің тәркіленуімен бас бостандығынан айыруды қарастырады. Бұдан бөлек, Мұрзақұловқа 193-баптың 3-тармағының «в» пункті - «Қылмыстық жолмен аса ірі көлемде ақшалай қаржы немесе басқа мүлікті заңдастыру» бойынша Қылмыстық кодексте мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотталушылар қатарында ҚР ҚК 313-бабының 1-тармағы бойынша айыпталып отырған Ербол Асылбеков бар (Пара алуда делдалдық жасағаны үшін). Аталған бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
11:10, 25 Желтоқсан 2013
«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ-ның бұрынғы президентіне қатысты сот отырысының өтетін күні белгіленді
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Ғабдуллатиф Мұрзақұловқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 28 желтоқсан сағат онға белгіленді.