Кездесуге тарихшылар мен Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында ғарышкер космосты игеру мен жерсеріктердің маңыздылығын, жерді аялау қажет екендігін атап өтіп, жастарды әлеуметтік маңызы бар кәсіптерді, инженер, дәнекерші сынды мамандықты таңдау қажет екендігін айтты. «Елдің болашағы - сіздердің, бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан білімді жастар болыңдар, нано-жаңа технологияларды игеріңдер»,-деді Т. Әубәкіров.
Кездесу барысында ол Қазақстан ғарышының болашағымен бөлісті. «Қазақстан космонавтикасы 10-15 жылдан кейін Ресейдің, Францияның, Еуропа космонавтикасының ажырамас бөлігі болады. Болашақты бәріміз қосылып, космос әлемін зерттейтін боламыз. Жердегі барлық адамзаттың міндеті - жерді құтқару. Космосты кім бірінші игереді деген жанталас аяқталды»,-деді Т. Әубәкіров.