Қазақстан Газадағы қақтығысты реттеуге арналған Трамптың бітімгерлік жоспарын қолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

— Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді, — деп жазды Руслан Желдібай. 

Айта кетелік Ақ үй Трамптың Газадағы жағдайды реттеуге арналған жоспарын жария еткен еді