Бүгін Астанада «Әйелдердің қоғамдағы саяси мүмкіндіктері - гендерлік демократияның ұстанымдары, проблемалар мен перспектива» атты тақырыпта өткен республикалық конференция барысында Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, келесі жылы еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Халықаралық деңгейде беделі зор аталмыш ұйымның гендерлік тепе-теңдікті қолдау жөніндегі жоспарында: «Ұйым аймағында жынысына қарай құқықтық шектеуге тыйым салынсын. Ерлер мен әйелдер үйде де, қызметте де, қоғамда да тең құқылы болуы тиіс» деп көрсетілген. «Заңдық тұрғыдан алғанда Қазақстан қазір осы міндетті орындауға дайын», деді депутат.