«Қазақстан Географиялық қоғамы» құрылтайшы съезінің баспасөз орталығы құрылды

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың шілде айында «Қазақстан Географиялық қоғамы» құрылтайшы съезінің баспасөз орталығы құрылды.

Баспасөз орталығы Назарбаев Университетінің қамқорлығымен «Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамы» корпоративтік қоры жанында жұмыс істейді.

Баспасөз орталығының мақсаты - «Қазақстан Географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірінші құрылтайшы съезін түсіндіру. Съезд географиялық, экологиялық ғылымдарды жетілдіру және елдің тұрақты даму жүйесін құру мақсатында жұмыс істейтін барлық ұйымдарды және қозғалыстарды біріктіреді.