Қазақстан-герман бизнес-форумы Берлинде өтеді

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат – Жетекші отандық компаниялар мен ұйымдар ағымдағы жылғы ақпанның 3-інде Берлинде өтетін Қазақстан-герман бизнес-форумына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ға жасайтын ресми сапары және Қазақстанның Германиядағы жылының салтанатты ашылуы аясында жоспарланған. Бұған дейін хабарланғанындай, Мемлекет басшысының сапары ақпанның 2-сі мен 5-і аралығында өтеді. Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы ақпанда орнатылды. Елдер арасындағы саясат, экономика және мәдениет салаларындағы екіжақты қатынас жыл сайын нығайып келеді. Әсіресе сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Бұған дейін бірнеше рет атап айтылғанындай түрлі деңгейлерде Германия Қазақстанның, ал біздің ел ? Германия үшін Орталық Азиядағы шешуші әріптесі болып табылады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 4,7 млрд. еуроға жетті.