деп хабарлады Қазақстанның Футбол федерациясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Измаил Бзаров дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Бас жаттықтырушы Йоахим Лева бастаған Германия құрамасы Еуро-2012 чемпионатының іріктеу турнирінің аясында қазанның 12-сінде «Астана-Арена» стадионында Қазақстан құрамасымен кездесетінін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Неміс құрамасы төменгі құрамда өнер көрсетеді: қақпашылар: Рене Адлер («Байер», Леверкузен), Мануэль Нойер («Шальке-04», Гельзенкирхен), Тим Визе («Вердер», Бремен);
Қорғаушылар: Хольгер Бадштубер, Филипп Лам (екеуі де - «Бавария»клубында ойнайды, Мюнхен), Джером Боатенг («Манчестер Сити», Англия), Марсель Янсен, Хайко Вестерманн (екеуі де «Гамбург» клубынан), Пер Мертезакер («Вердер», Бремен), Саша Ритер («Вольфсбург»);
Жартылай қорғаушылар: Кевин Гросскройтц («Боруссия», Дортмунд), Сами Хедира, Месут Езил (екеуі де - «Реал» клубында ойнайды, Мадрид), Тони Кроос, Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер (үшеуі де «Бавария» клубында өнер көрсетеді, Мюнхен), Марко Марин («Вердер», Бремен), Лукас Подольски («Кельн»), Кристиан Треш («Штутгарт»);
Шабуылдаушылар: Какау («Штутгарт»), Мирослав Клозе, Марио Гомес (оба «Бавария», Мюнхен).
Ал Бельгия құрамасының бас жаттықтырушысы Жорж Леекенс қазанның 8-інде Қазақстан құрамасымен өтетін кездесуге 25 футболшыны жариялап отыр. Тек, ағылшынның «Манчестер Сити» клубында ойнайтын Венсан Компани матчқа қатыспайды.
Бельгия құрамасының тізімі: қақпашылар: Логан Бэйли, Жан-Франсуа Жиле, Сильвио Прото; қорғаушылар: Тоби Альдервейрельд, Дедрик Боята, Филип Даемс, Оливье Дешахт, Николас Ломбертс, Даниэль Ван Бюйтен, Йелле Ван Дамм; жартылай қорғаушылар: Кевин-Де Брюне, Стивен Дефур, Яссин Эль Ганаси, Маруан Феллаини, Гийом Жилле, Эден Хазард, Джонатан Легер, Дрис Мертенс, Тимми Симонс, Ян Вертонген, Аксель Витсель; шабуылдаушылар: Ромелу Лукаку, Марвин Огуньими , Йелле Воссен.
Қазақстанның Футбол федерациясының атқарушы директоры Әлия Дүйсекееваның айтуынша, Қазақстан-Бельгия матчына 150 шақты адам - негізінен ресми делегация мен демеушілер келеді. Ал Қазақстан-Германия ойынына неміс тарапынан ресми делегациямен қоса, 380 неміс жанкүйері келеді.