Юсуф Ашрапов 60 келіге дейінгі санатта жетістікке жетті. Үшінші орын үшін айқаста оған ирандық балуан Абольфази Миршакар қарсы тұрды.
Жанберіс күресте Юсуф Ашрапов айласын асырды. Ол бір ұпай айырмашылығымен жеңді-11:10.
Бұл марапат осы әлем чемпионатында қазақстандық команданың екінші жүлдесі. Бұған дейін қоланы Арсен Жұма жеңіп алған болатын.