«Астанадағы «Риксос» қонақүйінде өтетін іс-шараның басты мақсаты Қазақстан мен Грекия іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Форум аясында құрылыс материалдары мен машина құрастыру, фармацевтика, азық-түлік өндірісі, энергетика, смарт-қалаларды дамыту және тағы басқа да салаларда қызмет ететін ірі грекиялық компаниялар өкілдерімен «В2В» форматында іскерлік кездесулер өткізу жоспарланған», - делінген баспасөз баянында.
Форумға қатысатын грекиялық компания басшылары 2018 жылдың 7 ақпанына дейін Астанада «Ритц-Карлтон» қонақүйінде іскерлік кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.