АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде алғашқы минутта жасыл алаңға шығатын ойыншылар тізімі белгілі болды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артты.
Ал Грекия құрамасы сапында Влаходимос, Болдок, Мавропанос, Цимикас, Бакасетас, Курбелис, Мадалос, Хацидиакос, Масурас, Яннидис, Пелкас ойнайды.
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35–те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.
Бұл жұптың жеңімпазы 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия құрамасымен шеберлік байқасады. Олар дәл қазір Люксембург құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.