Қазақстан, Грузия және Әзірбайжан футбол чемпионатын бірлесіп өткізбек

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Әзірбайжан мен Грузия бірлескен футбол чемпионатын өткізбекші және оған Қазақстанды да тартпақ ниетте, деп хабарлайды sports.kz.

Бұл туралы geosports.ge сайтына Грузия футбол Федерациясының президенті Звиад Сичинава мәлімдеді. Оның айтуынша, аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін бір жылдық сынақ мерзімі қажет екен.