Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Фото: Kazinform

Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының өкіміне және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. 

Еске салсақ Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілген еді. Президент Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған еді

Айта кетелік Президент Халық Кеңесі мен Құрылтай бір-бірінің жұмысына араласпайтынын және өңірлердің үні Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы жететінін айтқан еді