Роскосмос 2 ғарышкері мен NASA-ның 1 ғарышкері мінген «Союз МС-27» ғарыш кемесі 8 сәуір күні ұшырылады. Бұл туралы «Ассамблея жастары» бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев ҚХА кеңесінің отырысында айтты.
— Біз қазір бұл мәселені 7-8 сәуір күндері Қызылорда облысында өтетін ҚХА жастары форумы аясында пысықтаймыз. Форум қатысушылары ғарыш кемесін ұшыру сәтін тамашалайды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдыққа арналған эмблемасы және «Ассамблея жастары» логотипі бар екі ту сонда өтетін кездесу барысында табысталады. Тулар бір жыл бойы халықаралық ғарыш стансасында болып, жерге оралады, - деді Тимур Жұмырбаев.
Сондай-ақ ол бұл идея Қызылорда облысы жастарына тиесілі екенін атап өтті.