«Алматыда 13 мектепте арбамен жүретін балаларды көтеруге арналған лифттер орнатылды. Инклюзия кәдімгі мектептерде ерекше балаларды оқыту мүмкіндігін қарастырып отыр. Көбінесе баспалдақтар арбамен жүретін балалардың мектепке кіруіне кедергі болатыны анық. Бізде тағы бірнеше қанатқақты жоба бар. Осы ретте, бұл балалардың мектептерге емін-еркін баруы үшін мұндай жабдықтарды Шымкент пен Астанадағы оқу орындарын жабдықтаймыз», - деді Б.Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.
Оның айтуынша, қор бұл бағыттағы жұмысын жалғастырады.
«Бізде басқа да бағыттар бойынша осы мектептерге қойылатын талаптар бар. Бұл тұрғыда мұндай балалар үшін тиісті дәретханаларды жасақтау қажет. Сонымен қатар, сыныптарда, дәліздерде емін-еркін қозғалыс үшін жағдай жасау керек. Оларға қосымша сабақ беретін мұғалім болуы тиіс», - деді қор басшысы.