Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 118,5 мың адамға немесе 0,7%-ға көбейді.
2012 жылдың қаңтар-маусымында республика халқының табиғи өсімі 114,9 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылдың сәйкес мерзімінде 107,1 мың адам болған еді. «Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа шаққанда 13,8 адамды құрап отыр», - дейді агенттік төрағасы.