Қазақстан халқы 1 жылда 253 мың адамға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы 1 жылда 253 мың адамға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 207 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 55, ал ауылдықтар 45 пайыз. 12 айдың ішінде халық саны 253 мың адамға немесе 1,5 пайызға өсті», - деді ол.

Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында АХАТ органдарында дүниеге келген 64 мың сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 50,9 пайызға кем.

«Қайтыс болғандар саны 22 мың адамды құрады және былтырғы жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 8,8 пайызға кеміді», - деді Ә.Смайылов.