Атап айтқанда, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 16 856,6 мың адамды құрады. Осының ішінде 9,2 млн. адам қалада, ал 7,6 млн. ауылдық жерлерде тұрады екен.
«Жыл басымен салыстырғанда жалпы еліміз бойынша халық саны 181,2 мың адамға немесе 1,1 пайызға артты (2011 жылдың басымен салыстарғанда өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде бұл көрсеткіш 173,2 мың адамды немесе 1 пайызды құрады)»,-деді аталған агенттіктің төрағасы Әлихан Смайылов.
Жыл басынан бергі тоғыз айда 288,6 мың бала өмірге келді. Бұл көрсеткіш былтырдың осы кезеңіне қарағанда 8 мыңға артық.