«Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Елді индустриаландыру және урбанизациялау процесі жүріп жатыр. Шикізат секторына әлемнің ірі инвесторлары келді. Соның арқасында мұнай-газ секторындағы күрделі жобаларды жүзеге асыра алдық. Шикізат ресрустары есебінен қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қор құрылды»,- деп атап өтті Елбасы.
Мемлекет басшысы Қазақстан жаһандық экономиканың ажырамас бөлігіне айналып отырғандығын баса айтты.
«Инвестиция тартып, әлемнің барлық елдерімен дерлік сауда-саттық жүргізіп келеміз. Еліміз жаңа инфрақұрылымдық деңгейге бой көтерді. Елдің барлық өңірін автомобиль жолдары мен темір жолдар байланыстырды. Ал авиация маршруттары әлемнің түкпір-түкпіріне баруға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан тек аумағы жағынан ғана ірі мемлекетке айналған жоқ. Бүгінде азаматтарымыздың саны 18 млн-нан асты. 20 миллионға жететін күн де алыс емес», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.