Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылған барлық 9 үміткер Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау аяқталды.

Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша Ассамблея тарапынан ұсынылған барлық 9 үміткер қажетті 50 пайыздан астам дауысқа ие болып, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 үміткер ұсынылған болатын. Олар - «Тұрлаулы Қазақстан» қорының басшысы Жұматай Әлиев,  Республикалық ұйғыр мәдениет орталығының басқарма мүшесі Мурат Ахмадиев, «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы кеңесінің мүшесі Егор Каппель, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким, «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы кеңесінің мүшесі Надежда Нестерова, Астана қалалық «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы Зухра Саяпова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстан украиндерінің радасы» одағының төрағасы Юрий Тимощенко, «Дустлик» республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Розақұл Халмурадов. Олардың бәрі Парламент Мәжілісі депутаттығына өтті.