Қазақстан халқы Ассамблеясы барша нәзік жандыларды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы барша нәзік жандыларды 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Шырайлы көктемнің алғашқы мерекесін айнала гүлденген мезгілде тойлайтынымыз кездейсоқ емес. Бұл кезде табиғатпен бірге сіздердің де көріктеріңіз ажарлана түседі. Сіздердің көктемгі күлкілеріңіз бізге шабыт пен ерекше жылу береді.

Халықаралық әйелдер күні - бұл Көктем, Махаббат, Әсемдік пен Сымбаттылық мерекесі! Жақсылық пен нәзіктік әйелге тән қасиеттер, олар әлемге жаңа өмір сыйлайды. Әйел - отбасы ұйытқысы. Сіздердің мойындарыңызға ауыр жүк артылған. Ол - өскелең ұрпаққа, елдің болашағына деген қамқорлық. Жанұядағы, халық пен мемлекеттегі бірліктің қайнар көзі - ЖАҚСЫЛЫҚ, МАХАББАТ, ШАПАҒАТ сіздердің жүректеріңізден шығады.

Сіздердің еңбектеріңіз, жомарт жүрек, мейірімді көңілдеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біздің тірегіміз де, үмітіміз де, шығармашылық шабытымыз да - Сіздерсіздер. Бұл мерекені сүйікті ерлеріңізбен, бақытты балаларыңызбен және адал достарыңызбен бірге қарсы алуыңызға тілектеспіз.

Армандарыңыз орындалып, көздеріңіздегі от ешқашан сөнбесін! Бейбітшілік пен келісім, түсіністік пен қуаныш әрдайым Сіздермен бірге болсын! Мерекелеріңізбен, қымбатты аналар, аяулы арулар!» делінген құттықтауда.