Қазақстан халқы Ассамблеясы Жолдаудың негізгі басымдықтарын толығымен қолдайды. Ел азаматтарының әл-ауқаты, өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің бәсекеге барынша қабілетті болуы мен тұрақты даму болашағы үшін Жолдауда көрсетілген барлық мақсат-міндеттерді орындау қажет деп білеміз. Бүгінде Елбасы Н. Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысты еңсеріп, индустриялық-инновациялық даму кезеңіне аяқ басты. Бұл бастама табысты түрде жүзеге асатын болса, келешек ұрпақтың болашағы баянды болмақ.
Ассамблея Ұлт көшбасшысымен бірге Қазақстанды барша әлемге танымал, ауқатты әрі мықты мемлекет ретінде қалыптастыру жұмысына белсене атсалысады», - делінген Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына арнаған Үндеуінде.