Бұл туралы Ақпарат және мұрағаттар комитеті хабарлап отыр.
Отырысқа ҚР орталық мемлекеттік органдарының басшылары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері - Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов, Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед, ҚР Парламентінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-сараптық кеңес мүшелері, аймақтық ғылыми-сараптық топтардың басшылары, этносаралық қатынастар саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Отырыста ҒСК қызметінің қорытындылары, оның ҚР Президенті - Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың ҚХА сессияларындағы сөздерінің аясындағы даму болашағы, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясындағы ғылыми бағдарламалар мен зерттеу жобаларын, іс-шараларды іске асыруда ҚХА-ның министрліктер мен ведомствалармен өзара қарым-қатынасы мәселелері қаралады.
Шара барысында Ұлттық академиялық кітапханадағы Ассамблеяның электронды ғылыми депозитариінің тұсаукесері өтеді.