Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) әлеуметтік жауапкершілігі форумында ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжан айтты.
Қауымдастықты құрудың мақсаты бизнес, ауыл шаруашылығы, индустрия саласында индустриялық-инновациялық жоғары технологиялық жобаларға қолдау көрсету, инновациялық бағытта Қазақстанға жаңа жобарды тарту, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын іске асыру, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық бағдарламаларын жүзеге асыруға негізделген.
Осы орайда Е. Тоғжан осы құрылғалы тұрған құрылым ауқымды индустрияландыру бағдарламасына еліміздің этно-мәдени бірлестіктерінің атсалысуын қамтамасыз ететінін жеткізді. Ол жүйелі түрде мемлекет пен бизнестің, этно-мәдени бірлестіктердің әріптестігін дамытуға ықпал етпек.
Атап айтқанда, бүгінгі форум барысында аталған қауымдастықтың бірінші отырысы өтеді. Бұл жиында осы құрылымға мүшелік ету, оның жұмысы және басқа да тиісті шаралар талқыланады.