Бұл ақпаратты аталған ұйымның баспасөз қызметі таратып отыр.
«Еліміздегі барлық республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, облыстық Достық үйлері жылы киімдер, азық-түлік, дәрі-дәрмек, балаларға арналған оқу құралдарын жинап, оқиға орын алған ауылға жеткізу жұмыстарын жүргізуде», делінген баспасөз баянында.
Сондай-ақ хабарламада Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның Алматы, Астана қалаларындағы, облыстардағы мүшелері зардап шеккен азаматтарға арналған арнайы қорға біркүндік жалақыларын, сонымен қатар аталған қорға ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Ассамблея атынан сайланған әрбір депутат 100 мың теңгеден қаржы аударғандығы айтылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Алматы облысында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.