Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ

None
ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) әлеуметтік жауапкершілігі форумы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Атап айтқанда осы құжат экономиканың индустриялық-инновациялық даму саласындағы әріптестікке негізделген.

«Бұл меморандум өзара іс-қимыл шараларын қарастырады. Себебі, бүгін таныстырылып отырған барлық жобалар алдын ала министрліктің қарауына ұсынылған болатын. Бұл жобалардың алтауына қолдау көрсетілді. Сондықтан да бұл қол қойылған құжат бұдан арғы ынтымақтастықққа бағытталған»,- деді ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған форум барысында ҚХА-ның жобалары таныстырылды. Бұл тұрғыда Е. Тоғжанов 60-қа жуық индустриялық-инновациялық жобалар, оның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар құрылыс , металлургия салаларындағы жобалар бар екенін жеткізді. «Аталған 60-қа жуық нақты жобалар бүгінгі осы форумға шығарылып отыр. Осы жобалардың алтауын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қарастырып, оларды іске қосуға және қаржыландыру мүмкіндігі жасалып жатыр»,-деді Е. Тоғжанов.