Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық бірыңғай медиация күнін өткізеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылғы 5 тамызда елімізде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы күшіне енген күніне арналған «Республикалық бірыңғай медиация күнін» өткізеді, деп хабарлайды Ассамблеяның баспасөз қызметі.

Осы шараға қарай барлық өңірлердегі ҚХА Достық үйлері базасында сағат 11.00-ден16.00-ге дейін Ассамблеяның дәстүрлі жыл сайынғы «Медиация кабинеттерінің ашықесік күні» акциясы өтеді. Ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліксаласындағы медиация институтын дамытуға бағытталған.

Іс-шаралар барысында медиаторлар қызығушылық танытқан барлық азаматтарғакеңестер береді және өтеусіз негізде медиативтік келісімдер жасайды.

Акция соттардың, прокуратураның, әділет органдарының, жергілікті атқарушыоргандардың, қоғам қайраткерлерінің, кәсіби медиация орталықтары өкілдерініңжәне т.б. қатысуымен ұйымдастырылады.

Іс-шаралар барысында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелерімедиацияны дамыту мәселелері бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізуікөзделген.

Соңғы жаңалықтар