Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарларының саны енді үш адамға ұлғаятын болды

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарларының саны енді 3 адамға дейін ұлғаятын болды. Бұл Ассамблея Кеңесінің бүгін Алматыда өткен кеңейтілген отырысында мәлім болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда Ассамблея хатшылығының 2009 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, Төрағаның орынбасары лауазымына республикалық этномәдени бірлестік басшыларынан қосымша екі кандидатура Елбасының бекітуіне ұсынылды. Олар Қазақстан поляктары одағының төрағасы Виталий Свинцицкий мен Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының 1-ші орынбасары Анатолий Чесноков.«Мен Ресейде туып, онда 26 жыл тұрдым. Ал енді 27 жылдан бері Қазақстанда өмір сүріп жатырмын. Қазақстанда тіршілік жасайтын барлық ұлт пен этностар өзара ынтымақ пен бірлікте ғұмыр кешіп жатыр. Оны баянды етуде Кеңес жанынан жаңадан құрылған Ғылыми сараптамалық кеңеске үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр», дейді А. Чесноков.