«Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында ел Президенті «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы базасында қазақстандықтарды азаматтық теңдік, еңбек сүйгіштік, әділдік, ғылымдылық культі және білім сынды құндылықтар төңірегіне топтастыруды айқындады. Мемлекет басшысының 5 институтты реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірдейлік және бірлік» атты 4-ші бағыты жалпықазақстандық бірдейлікті, қоғам бірлігін, «Мәңгілік ел» құндылықтары жүйесін нығайтуды көздейді. Аталған міндеттерді шешу мақсатында біздер қолданыстағы заңнаманы қоғамдық-саяси тұрақтылық саласын жетлдіруді ұсынамыз», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.
Оның атап өтуінше, ұсынылып отырған түзетулер «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның таптарына «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен байланысты бірқатар норманы қосуды қамтиды. Мәселен, Заңның «Ассамблеясы мақсаты» атты бабы мынадай редакцияда жазылады: «Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени орталығы ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімі қамтамасыз ету болып табылады».