«Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылы аясында Астанада өткізілетін шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғанындай, 6 ақпанда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.

Осыған байланысты Астанада бірқатар шаралар жоспарланып отыр.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылы аясында Астанада өткізілетін шаралар

6 ақпан, сағат 11:00, Бейбітшілік және келісім сарайы - «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылының ресми ашылуы;

6 ақпан, сағат 11:00, Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы алаң - Жастар флешмобы;

6 ақпан, сағат 11:00, №71 орта мектептің спорт залы - Есіл ауданына қарасты мектептер арасында баскетболдан турнир;

7 ақпан, сағат 12:00-15:00, қалалық алаң, «Студенттер саябағы», «Бәйтерек» монументі алдындағы алаң - Ұлттық мейрамдар мен мерекелік концерттер;

7 ақпан, сағат 11:00, «Ақбұлақ мұз айдыны - Алматы ауданы тұрғындары арасында шайбалы хоккейден сайыс, «Көңілді старт» және жаппай сырғанау:

7 ақпан, сағат 11:00, шаңғы-роллер трассасы - Шаңғы жарысы;

8 ақпан, сағат 11:00, «Ақбұлақ» мұз айдыны - Алматы ауданы тұрғындары арасында шайбалы хоуккейден сайыс, «Көңілді старт» және жаппай сырғанау;

7-8 ақпан, сағат 9:00-23:00 - «Алау» мұз айдыны сарайы - Жаппай конькимен сырғанау.